Ақтау қаласының әкімі «AMANAT» партиясында азаматтарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 12 ақпан күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй көмегін рәсімдеу, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау шаралары және жұмыссыздық мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдап, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер қосымша зерделеуді қажет ететіні айтылып, олардың орындалу барысы жеке бақылауда болатыны жеткізілді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1160653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version