АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Азимханұлы Исмаилов халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы ғимаратында жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Исақұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, дербес бөлім басшылары және ауыл округі әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында Қазығұрт, Қақпақ ауыл округтерінен келген тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Абдалиев көшесіне жарық орнату, көшедегі иесіз жүрген иттердің көбеюі, Қ.Сатбаев мектебінің маңындағы көшелерге тратуар орнату, ауыз су колодецтеріндегі бұрғылау құралдарының істен шыққаны, соның салдарынан су жүйелерінде ақаулар жиі орын алып отырғаны жөнінде, су алу қаупі бар көшелерге қауіпсіздік шараларының алдын алу, тұрғылықты мекен-жайы бойынша туындаған кемшіліктер, электр бағаларын ауыстыру, білім саласына қатысты мәселелер қозғалды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын нақты түсіндірді. Сонымен қатар тиісті бөлім басшыларына және ауыл округі әкімдеріне заң аясында әрбір мәселені жеке бақылауға алып, уақытылы шешуді тапсырып, көтерілген барлық мәселелер тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1160302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version