Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұтыну қаптамасына салынған өнім буып-түйілген тамақ өнімі болып есептеледі. Тұтынушы тауар туралы толық, дұрыс ақпарат алуы үшін тамақ өнімдері таңбалануы тиіс. Өнім нарықта оның таңбалануы «Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне, Кеден одағының КО/ТР 022/2011 техникалық регламентіне, сондай-ақ оған қолданылатын КО басқа да техникалық регламенттеріне сәйкес келген кезде айналымға шығарылады. Оларға сәйкес тамақ өнімін таңбалау – тұтыну қаптамасына, көліктік қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына және (немесе) көліктік қаптамаға бекітілген немесе оларға орналастырылған не оларға қоса берілетін ақпарат тасығыштың өзге де түріне жазулар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде жазылған тамақ өнімдері туралы ақпарат. Тамақ өнімдерін таңбалау түсінікті, жеңіл оқылатын, дұрыс болуы және тұтынушыларды жаңылыстырмауы тиіс, бұл ретте жазбалар, белгілер, символдар таңбалау түсірілген фонға қарама-қарсы болуы тиіс. Таңбаланған буып-түйілген тамақ өнімдері қамтылуға тиіс негізгі мәліметтер: тамақ өнімдерінің атауы; құрамы; саны; дайындалған күні; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары; дайындаушының атауы және орналасқан жері; пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер; тағамдық құндылық көрсеткіштері; ГМО қолданумен алынған компоненттердің тамақ өнімінде болуы туралы мәліметтер; Кеден одағы мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі («ЕАС» белгісі).

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларды өнімді таңдау кезінде таңбалауға назар аударуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1160536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version