Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенованың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша онлайн семинар өткізілді.
Семинарға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының тамақтану объектілерін бақылау саласына жауапты қызметкерлері қатысты.
Департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтып, бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсынымдар берді.
Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбайқызы Қонысбаева Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша презентация жасап, талаптарды түсіндірді.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлерінің сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1160559?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау