ХРОМТАУДА «ҒАШЫҚПЫН» МЮЗИКЛІ КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 ақпанда Хромтау аудандық мәдениет орталығында ән мен поэзия тоғысқан «Ғашықпын» мюзикл кеші өтті. Рухани әсерге толы өнер кеші көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, сезім мен сұлулықты арқау еткен мазмұнды бағдарлама ретінде есте қалды.

Кеш барысында сахна төрінде махаббат, сағыныш, адалдық тақырыптарын өрген поэтикалық қойылымдар мен жанды дауыста орындалған әуезді әндер көрерменге жол тартты. Музыка мен поэзияның үйлесімі залдағы әрбір жанның жүрегіне жетіп, әсерлі атмосфера қалыптастырды.

Шараға Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконов қатысып, мәдени бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай шығармашылық кештер аудан тұрғындарының рухани дамуына серпін беріп, өнерге деген қызығушылықты арттыратынын жеткізді.

Мюзикл кеші көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Көрермендер ерекше форматтағы қойылымнан үлкен әсер алғандарын айтып, өнерпаздарға алғыстарын білдірді.

«Ғашықпын» кеші — аудан мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі ретінде көптің жадында қалары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1160073?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version