Мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Депутаттар «2026 жылға арналған Павлодар қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» мәселені қарастырды.

⠀Аталған шешімді қабылдаудың негізгі мақсаты – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісті деңгейде күтіп ұстауды және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және Павлодар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету мәселелері бойынша тарифтерді қалыптастыруды жүйелендіру.

⠀2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері 0,0093 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілді, бұл пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 40,22 теңгені құрайды.

⠀Сондай-ақ «Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе де талқыланды.

⠀Түзетулер төлемдердің мөлшері мен қолдауға құқығы бар қала тұрғындарының санаттарына қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1160018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version