ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазалы ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі қосымша хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында және орталық уәкілетті органдарының интернетресурсында жарияланған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 мекенжайында орналасқан «Қазалы ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 06наурыз сағат 900 ден бастап 2026 жылдың 20наурыз сағат 1900 ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізілетін орны Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 мекенжайындағы Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залы 2026 жылдың 26наурыз күні сағат 1000 ден бастап өткізілетіндігін хабарлаймыз.
1) Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстын жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Байланыс телефоны: 8(72438) 79280, ішкі нөмір: 6971
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
р/с |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Көлемі, гектар |
Нысаналы мақсаты |
Жер пайдалану құқығы |
Судың болуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, «Мархабай» учаскесі |
200 жайылымы – 180 басқа алқап – 20 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Бар |
|
2 |
Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, «Мархабай» учаскесі |
218 жайылымы – 196 басқа алқап – 22 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Бар |
|
3 |
Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, «Күркіреуік» учаскесі |
200 жайылымы – 180 басқа алқап – 20 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Бар |
|
4 |
Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, «Қара көл» учаскесі |
200 жайылымы – 180 басқа алқап – 20 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Бар |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1160375?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау