2026 жылғы 12 ақпанда Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және ерте кәсіптік бағдар беру іс-шаралары жоспарын, сондай-ақ «Менің кәсібім – мемлекеттік қызметші» жобасын іске асыру аясында ауданның Жітіқара политехникалық колледжінің оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.
Оқушылар ауданның 5 мемлекеттік мекемесі: Жітіқара ауданы әкімінің аппаратына, қаржы, экономика, кәсіпкерлік бөлімдеріне және Жітіқара аудандық мәслихатына барды.
«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы В.Р. Муллабаева мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы түсініктеме берді.
Бұл кездесудің мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызмет институтын дәріптеу, жастар арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, мемлекеттік органдардың миссиясы мен патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті дамыту туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1160683?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау