Өскемен қаласында кәсіпкерлік нысандарына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласында кәсіпкерлік нысандарына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы талаптарын түсіндіру мақсатында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Өскемен қаласының әкімдігі, Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары, Полиция басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі және аумақтық басқару орталығының өкілдері бірлесіп, Достық базары аумағында рейдтік тексеру іс-шараларын өткізді. 

Рейд барысында кәсіпкерлерге абаттандыру қағидаларын сақтау, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, іргелес аумақтарды күтіп ұстау, қар мен мұзды уақтылы тазалау, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетіні ескертілді.

Аталған іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Қала тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1160172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version