ҚАБЛАНБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қабланбек ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың өткен бір жылда атқарған жұмыстарының қорытындылары таныстырылып, округ аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі бағыттар баяндалды.
Жиынға қатысқан тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерін көтеріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалды. Әрбір көтерілген мәселе қолданыстағы заңнама аясында қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Айбек Сейдраманов қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер депутаттық бақылауда болатынын атап өтті.
Сарыағаш аудындық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1160651?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау