ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылжар ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы жергілікті тұрғындармен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың соңғы бір жылда атқарған жұмыстары қорытындыланып, округ аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттар бойынша ақпарат берілді.
Жиынға қатысқан азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген сұрақтар бойынша жауапты құрылым басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге тұрғындарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау кезінде айтылған өтініштер мен шағымдар назарға алынып, әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1160620?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау