РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет басқармасы «Ұлылар елі» атты республикалық ән байқауын жариялайды!
Бұл байқау – Абай облысының гимнін және мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын лирикалық әуенді дүниеге әкелетін ауқымды жоба!
Байқау екі бағытта өтеді:
«Киелі Абай елі» – Абай облысына арналған рухты гимн жазу;
«Trend әуен» – Мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай ән жазу;
Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақын,композиторлар мен әншілер қатыса алады.
Байқауға өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін ocnt_oblastabay23@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабыданады.
Қорытынды гала-концерт – Семей қаласында өтеді.

Жүлде қоры:
Әр бағыт бойынша 1 жеңімпазға – 5 000 000 теңге!
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

ЕСКЕРТУ: Абай елінің киелі мекендері мен көрікті жерлерін жырға қосып,әнге арқау еткен туындыға басымдық беріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 707 170 2098 – Жасұлан Тлеубайұлы,                                                                                                         8707 206 18 99 – Қайсар Беделхан.
«Ұлылар елі» – ән бәйгесі ұлы даланың жаңа үні!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1160152?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version