ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары — Сергей Пинигин, Айдар Мамырханов және Азамат Кабден санитариялық авиация желісі бойынша Өскемен – Алтай – Өскемен бағытымен ұшу рейсін орындады.
Ұшудың мақсаты – шұғыл түрде облыс орталығындағы медициналық мекемеге жатқызуды қажет еткен сәбиді жеткізу болды. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері — Рафаил Халитов пен Назым Бесенбаеваның үйлесімді жұмысының арқасында кішкентай науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1160588?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау