ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-да ҚР Әлеуметтік Кодексінің 154-бабының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментімен ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының талаптарына сәйкес 22.01.2026 ж. бастап 29.01.2026 ж. аралығында Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 18, 1 ғимараты мекенжайында орналасқан, ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-да ҚР Әлеуметтік Кодексінің 154-бабының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру тағайындалды және жүргізілді.

Тексеру барысында бұзушылықтарды жою туралы нұсқамның мүгедектігі бар адамдарға объектідегі кіру топтарына, ақпарат және телекоммуникация құралдарына, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары орындалмағаны анықталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-ның лауазымды тұлғасына әкімшілік хаттама толтырылып, сот органдарынығ қарауына берілді. Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік жауапкершілікке тартыла отырып қанағаттандырылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1160573?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version