Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласы мешіттерінің имамдарымен кездесу өткізіп, қасиетті «Рамазан» айы кезінде мешіттерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жамағат көп жиналатын уақыттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эвакуациялау жолдарын ашық ұстау, электр және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушыларға жадынамалар таратылып, өрттің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы тағы бір мәрте ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1160681?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау