Су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда
Аудан әкімі орынбасары Д.Абдрашитов Аңқаты, Ақжайық, Ұзынкөл және Шаған ауылдық округтерінде болып, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында су өткізу арналары мен өткелдердің жағдайы қаралып, мотопомпалардың дайындығы, құм толтырылған қапшықтар қоры және жалпы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар пысықталды. Сонымен қатар, жауапты мамандарға су басу қаупі бар аумақтарды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Аудан әкімі орынбасары Дархан Абдрашитов тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне дайындық деңгейін күшейтіп, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1159888?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау