Бүгін Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасын талқылауға арналған ұжымдық жиын өтті.
Еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын Ата Заң жобасы – құқықтық мемлекет құру жолындағы батыл қадам.
Кездесу барысында реформаның негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері халықаралық озық тәжірибеге сай күшейтілетіні айтылды.
Ақпараттық медиа орталығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1160340?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау