«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32 397 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 088 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 177 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімдері – 25 132 мың теңге;

2) шығындар – 33 178,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -781,3 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы(профициті)–0теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 781,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 781,3 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қабылданған кезден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова

Косымша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-mirnyi/press/news/details/1160963?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version