Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/14 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 80 171 мың теңге:
салықтық түсімдер – 17 985 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 139 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
арнаулы түсімдер — 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 62 047 мың теңге;
2) шығындар – 80 248,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -77,8мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 77,8 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 77,8 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім қабылданған кезден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-presnoredut/press/news/details/1160932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау