Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада биатлоннан 10 шақырымдық қашықтықтағы спринт сайысында ерлер арасындағы жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Қазақстан атынан сынға түскен Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов жарыстың қорытындысында 51 және 61-орынға тұрақтады,.
Жарыс қорытындысы (10 шақырым):
1. Кентен Фийон Майе (Франция) – 22:53.1
2. Ветле Шостад Кристиансен (Норвегия) – 23:06.8
3. Стурла Холм Легрейд (Норвегия) – 23:09.0
51-орын. Владислав Киреев – 25:41.6
61-орын. Әсет Дүйсенов – 26:00.3
Владислав Киреев 60 спортшының қатарына кіргенінің арқасында із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Владислав Киреев дәл осы сайыс түрінде 2025 жылы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған еді.
11 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын биатлон бәсекесі 21 ақпанға дейін жалғасады.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1161800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау