Алматы қаласында 12 ақпаннан 13 ақпанға қараған түні қар жауып, коммуналдық қызметкерлер кестеге сәйкес қарқынды түрде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда арнайы техникалар, 100-ге жуық тазалық қызметкерлері тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін түнгі ауысымдағы жұмыстарын атқарды.
Қазіргі таңда да коммуналдық қызметтер аулаларды, магистралды көшелерді тазалап жатыр. Мұз басқан жерлерге тұз бен құм себу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1161290?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау