Алтай ауданының Мансап орталығы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларын кешенді түрде жүзеге асыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Олардың қатарында:
1. Қоғамдық жұмыстар
2. Жастар практикасы
3. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы
4. «Күміс жас» жобасы
5. Әлеуметтік жұмыс орындары
6. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары
7. Сұранысқа ие дағдылар мен кәсіпкерлік негіздері бойынша онлайн оқыту
8. Қоныс аудару бағдарламасы
9. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар
10. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
11. Әлеуметтік-кәсіби бағдар беру қызметтері

Аталған шаралардың барлығы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтарды қолдауға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, кәсіби біліктілікті арттыруға, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған.
Мансап орталығының жұмысы әрбір жүгінген азаматқа атаулы қолдау көрсетуге және Алтай ауданының әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етуге негізделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1160788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version