ББК «Қайнар» алаңында Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Амановна Дисюпованың «Заң және тәртіп» тақырыбында тікелей эфирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Онлайн-кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жауапты мінез-құлықты тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының рөлі мәселелері қарастырылды.

Білім беру бөлімінің басшысы қала мектептерінде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар мен қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған шаралар туралы баяндады. Ашық диалог форматында Лаура Амановна оқушылардың, ата-аналардың және педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ жанжалды жағдайларда әрекет ету алгоритмдері жөнінде түсіндірме берді.

Тікелей эфир «Заң және тәртіп» қағидаттарын мектеп ортасында нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1160748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version