2026 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбірлеп орындату комитеті төрағасының орынбасары Д. Шермаханбетұлы Қазақстан Республикасының Әскери сотында өткен сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелге Әскери соттың, Бас әскери прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында сот шешімдерін орындау заңдылықпен тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылатыны және барлық уәкілетті органдардың үйлестірілген іс-қимылын талап ететіні атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жедел ақпарат алмасуға және сот шешімдерінің орындалуын жүйелі бақылауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Мәжбірлеп орындату комитеті Әскери соттар мен сот актілерінің уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kpi/press/news/details/1161063?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау