Есеп беру жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың Байқадам ауылдық округі Саудакент ауылында есеп беру кездесуі өтті.

       Жиынға Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы мен жауапты қызметкерлері, ауылдық округтің әкімі мен қызметкерлері, тиісті мекемелер және ауыл тұрғындары қатысты.

       Кездесу барысында мәслихат төрағасы тарапынан тұрғындарға атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.

       Округтың тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойды, оның ішінде: Саудакент ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту бойынша шараларды мерзімінде атқару, ауыл шаруашылығына арналған субсидия алу тәртібі, егіс алқаптардағы су арналарын тазалау, ауылдық округке газ желісін жүргізу, Саудакент ауылындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің санын арттырып, полиция бөлімшесін ашу, ауылдағы бос тұрған ғимараттарды пайдалану, Жаңатас қаласына тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі жөнінде сауалдарын қойып, жауаптар алды. Жиынға қатысқан тұрғындар атқарылған жұмысты оң бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1161571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version