ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте халықты жұмыспен қамту шараларының орындалу барысы қаралды. Жиында жауапты бөлімдер мен мекемелердің 2025 жылғы қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлары талқыланды.
Бүгінде Түркістан қаласында «Отбасының цифрлық картасы» жүйесі арқылы отбасылардың әлеуметтік саламаттылығы 8 бағыт бойынша, атап айтқанда, кірістер мен кредиттік міндеттемелер, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй жағдайы және өзге де көрсеткіштер негізінде талдау жүргізілуде.
Жұмыспен қамту бағытында 2026 жылға субсидияланатын 1600 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Оның ішінде қоғамдық жұмыс орны – 800, әлеуметтік жұмыс орны -100, «Күміс жас» жобасы аясында – 100 орын және жастар практикасы аясында – 600 орын. Бүгінде қаладағы кәсіп иелері мемлекеттік субсидияланатын жұмыс күшін пайдалана алады.
Сонымен қатар, 2026 жылы 3728 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өткен жылы 10699 жұмыс орны ашылған болатын.
Сондай-ақ, биыл Түркістан қаласында 151 мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Гранттар екі лек бойынша – іріктеу мен мониторинг жүргізу тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Жоба талапқа сай жүзеге асырылмаған жағдайда, мемлекет қаржысы толық кері қайтарылады.
Жиын соңында қала басшысы Өңірлік карта бойынша бекітілген барлық 19 жобаның орындалуын, зейнетақы жарналарының түсуін және еңбек шарттарының заңдылығын толық зерделеуді, меморандумдар бойынша ірі кәсіпорындарға адамдарды орналастыруды, кезекте тұрған жұмыссыз тұрғындарды формально «қағаз үшін» емес, нақты нәтиже үшін қамтуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1160887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version