Аудан әкімінің М. Мұхтаровтың төрағалығымен аудандық кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Отырыс барысында ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәселе қаралды. Аталған бағытта негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы, қол жеткізілген нәтижелер мен өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар білім, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің 2025 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлары тыңдалды. Бөлім басшылары өз салалары бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар, алдағы кезеңге қойылған міндеттер мен жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
Кеңесте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша мемлекеттік мекемелерде жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі қаралды. Бұл бағыттағы талаптардың сақталуы, анықталған кемшіліктер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі М. Мұхтаров тиісті сала басшыларына анықталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1161774?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау