Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі істер министрлігі ”Заң мен тәртіп” қағидасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осылайша, ұзақ оперативтік ізденіс нәтижесінде Маңғыстау облысында опий тобының есірткі заттарын жеткізумен айналысқан төрт жергілікті тұрғының құрамынан тұратын қылмыстық топтың қызметі жойылды. Құжаттар тіркелген мекен-жайлар бойынша тінту шаралары барысында 1,3 кг опий және ақшаның ірі сомасы тәркіленді.

Сарапшылардың бағалауынша, афган текті опий осы аймақ үшін сирек кездесетін есірткі түрі болып табылады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық заңнаманың 297-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Оның санкциясы 12 жылға дейін бостандықтан айыруды қарастырады.

Барлық ұсталғандар уақытша ұстау орындарына орналастырылды. Есірткі заттарын жеткізу каналдарын тоқтату бойынша жұмыс жалғасуда.

 Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/mvd-kanal-postavki-opiya-presechen-v-mangistauskoj-oblasti/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1160700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version