Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Мирный ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері: 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы “Электрондық үкімет” порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің әкімі А. Кайнетова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-mirnyi/press/news/details/1160971?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау