Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Кнессетінің Спикері Амир Оханамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, екіжақты байланыстардың даму серпінін, сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру жоспарларын талқылады.
Спикердің былтыр Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
А.Охана елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан мен Израиль арасындағы достық қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға дайын екенін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1160745?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау