САРЫАҒАШ: «АУҒАННЫҢ ОТТЫ АЛАУЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында және аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының Ауған жерінен шығарылуының жылдығына орай «Ауғанның отты алауы» атты тағылымы мол шара ұйымдастырылып, ауған соғысы ардагерлері құрметке бөленді.

Мемориалдық ескерткішке ауған соғысының ардагерлері, аудан әкімінің орынбасары , аудандық мәслихат депутаты , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы , зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары және сарбаздары гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алды. Іс-шара барысында қаза болған жерлестеріміздің рухына тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.

Келесі шара аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынмен жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ауған соғысы ардагерлерінің сұрапыл жылдардағы батырлығы мен ерлігін, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ардагерлердің бейбіт өмірде ауданның тұрақты дамуы мен кемелденуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылық білдіріп, оларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Аталған іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Елдік пен ерлікті ұлықтаған рухты әндер мен жүрекке жеткен жырлар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1161770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version