Шахтинск колледжінде білім сапасы Еуроодақ стандарттары негізінде бағаланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск технологиялық колледжінің өкілдері ISATCOVE жүйесін қолдана отырып, білім беру сапасын ішкі бағалау тетіктері бойынша арнайы оқытудан өтуде. Үш күнге жоспарланған тренинг Астана қаласында Еуропалық одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан DARYA халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасына Қазақстанның 28 колледжі мен кәсіби шеберлік орталықтарының өкілдері қатысуда. Қарағанды облысынан аталған тренингке колледж директоры Әлия Сәттібаева және оқу орнының әлеуметтік серіктесі — «Құрлысмет» компаниясының өкілі Кирилл Сиволюбцев қатысып жатыр.

Тренингтің негізгі мақсаты — жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, студенттерді даярлау сапасын арттыру. Бұл түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін жеделдетуге бағытталған.

ISATCOVE жүйесі білім беру ұйымдарының қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан кешенді әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау бірқатар өлшемшарттар бойынша жүргізіледі: оқу процесін ұйымдастыру деңгейі, қолданылатын оқыту әдістемелері, материалдық-техникалық база, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық және өзге де көрсеткіштер. Бұл тәсіл колледждерге кадрларды еңбек нарығы мен бизнестің нақты сұранысына сай даярлауға жол ашады.

– Тренинг қорытындысы бойынша біздің команда әлеуметтік серіктесіміз «Құрылысмет» ЖШС-мен бірлесіп, ISATCOVE құралдарын пайдалана отырып, колледждің білім беру үдерісіне енгізілетін арнайы бағдарлама әзірлейді, – деді Әлия Сәттібаева.

Қатысушылар бағалау жүйелерін тренинг барысында-ақ жобалауға кіріседі. Әдістеме колледжде енгізілгеннен кейін апробация кезеңі өтеді. Егер оның тиімділігі дәлелденіп, мамандар даярлау сапасын арттыруға нақты ықпал етсе, жүйе тұрақты негізде қолданылатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1160756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version