Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, мал шаруашылығын дамытуға, құс өсіруге, туризмді және өзге де кәсіпкерлік бағыттарды дамытуға қолдау көрсетеді.

Шағын несие беру шарттары:

  • ауыл шаруашылығына жатпайтын бағыттар бойынша — несие мерзімі 5 жылға дейін;
  • ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу бағыттары бойынша — 7 жылға дейін.

Шағын несие мөлшері:

  • жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін — 2 500 АЕК-ке дейін;
  • өңдеу саласындағы жобалар үшін — 8 000 АЕК-ке дейін;
  • кооперативтер үшін — 8 000 АЕК-ке дейін;
  • қайта өтінім берген жағдайда — 8 000 АЕК-ке дейін

(бұрын алынған шағын несие толық өтелген және бастапқы қарыз мерзімінің жартысы өткен жағдайда).

Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.

Негізгі борыш бойынша 12 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Кепілмен қамтамасыз ету міндетті.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, жобалар жаңа жұмыс орындарын құруды көздеуі және ауылдық округтерді дамытудың басым бағыттарына сай болуы тиіс.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы өңір тұрғындарына өз кәсібін бастауға және дамытуға нақты мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Несиелеу департаменті

Тел.: 8 (7232) 74-04-78, 8 705 120 53 67

 

Өтінімдер мен құжаттарды қабылдау:

Өскемен қаласы, М. Әуезов даңғылы, 26/1

«Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС

 

Сондай-ақ, amanatnesie.kz платформасы арқылы онлайн форматта қабылданады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1161421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version