Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда: кешкі рейд нәтижелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Черкаск ауылдық округі аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында округ әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде кешкі рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейд барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, дүкендер маңы және жастар көп жиналатын аумақтар бақылауға алынады.
Іс-шара барысында тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және ауыл аумағының тазалығын қамтамасыз ету мәселелері де назарға алынады.
Кешкі рейдтік жұмыстар құқық қорғау органдары және тиісті мекемелермен бірлесіп ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-cherkassk/press/news/details/1160720?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version