Учаскелік полиция инспекторының қызметі – қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әрі жауапты жұмыс.
Таңертеңгі уақыт тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдаудан басталады. Әрбір өтініш назарға алынып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Күндізгі уақытта профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар құқықтық түсіндіру шаралары ұйымдастырылады.
Мектептерде және сауда орындарында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізіліп, тұрғындарға заң талаптары түсіндіріледі.
Кешкісін учаскелік инспектор әкімшілік аумақты аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылайды.
Учаскелік полиция инспекторы – халықпен тікелей жұмыс істейтін, тәулік бойы ел тыныштығын күзететін тәртіп сақшысы.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі
https://www.instagram.com/reel/DUn1gVnDCj_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1160715?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау