ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 12 ақпан күні “Заң және тәртіп” қағидаты аясында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында оқушылармен және студенттермен маңызды кездесу өтті. Жиынға Сырым ауданы әкімінің аппарат басшысы Тлегенов Максим Тоқтамысұлы, Сырым ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ескендірова Алтынай Ескендірқызы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жамбылов Әкежан Әлібекұлы қатысып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, дін мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстары жөнінде жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Бүркітбай Берік дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын айтып өтті.
Жастарды заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жат ағымдардан сақ болуға және саналы азамат болуға шақырды. Мұндай кездесулер – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
 
Құбаева Нұрайлым

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1160952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version