Балпық ауылдық округіне қарасты білім беру мекемесінде «Сынып жетекшінің қызметін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.
Шебер сынып барысында сынып жетекшінің тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау, оқушылармен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату, заманауи тәрбие әдістерін қолдану жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сынып сағаттарын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері мен тиімді әдістерін ортаға салды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және тәрбие жұмысының сапасын жақсартуға бағытталды. Шебер сынып қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1161002?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау