ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 8 нысанның жобасы қаралып, олардың сәулеттік талаптар мен қала құрылысы нормаларына сәйкестігі жан-жақты талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізіліп, жобаларды жетілдіру бағытында жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, автожанармай құю бекеті, әкімшілік-іскерлік орталық аумағындағы сауда орталығы, медициналық туризм жобасы, қонақ үй, сондай-ақ бизнес және сауда орталығы кешені жобалары түзетулер енгізіле отырып келісілді және облыстық қала құрылысы кеңесінің қарауына ұсынылды.
Айта кетейік, Түркістан қалалық қала құрылысы кеңесі Түркістан қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы №148 қаулысына сәйкес құрылған.
Өткен жылдың өзінде кеңестің 7 отырысы ұйымдастырылып, тиісті бөлім тарапынан 20 жоба ұсынылған. Оның ішінде 12 жоба облыстық кеңеске ұсынылса, 8 жоба қайта зерделеуге жолданды.
Қала құрылысы кеңесі – Түркістан қаласының сәулеттік келбетін сақтау, сапалы инфрақұрылым қалыптастыру және заманауи талаптарға сай нысандар салуды қамтамасыз етуге бағытталған.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1161817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version