Б.Нұрмұханов: преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституцияның преамбуласында елдің өткенін дәріптейтін, бүгінгі құндылықтарын көрсететін, болашаққа бағдар болатын, іргелі, рух беретін жалпыұлттық құндылықтар бекітіледі. Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді. ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов «Референдум-2026» онлайн-марафонында осылай деді.

Ол жаңа Конституциялық жобаның маңызды тұстарына тоқталып өтті.

«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы, кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл ереже біздің тарихымыздың тереңде жатқанын көрсетеді, мыңдаған жылдық. Сондықтан біз мұнымен мақтануымыз керек. Оны әрқашан сезінуіміз керек», – деді спикер.

Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстан идеясы Конституцияға енгізілгенін атап өтті. 

«Былтыр ғана жылдың соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, принциптері бекітілді. Онда Әділетті Қазақстан идеясы біздің еліміз кең мүмкіндіктер елі деп белгіленді. Ол жас па, оның ұлтына, жағдайына қарамастан біздің елімізде тең мүмкіндіктер жасалған. Адамдар заң алдында, сот алдында тең. Ары қарай қарасақ, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтары еліміздің ары қарай дамуының басты бағыт-бағдары болып қала бермек», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1161946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version