Шорт-трекші Ольга Тихонова кезекті жарыс күнін аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында шорт-трек сайысынан 1000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы іріктеу кезеңдері өтіп, ширек финалистер анықталды.

Жарыс алаңына 7-топта шыққан отандасымыз 3 дүркін Олимпиада чемпионы Арианна Фонтана (Италия), 2 дүркін әлем чемпионы Флоранс Брюнелль (Канада) мен Мирей Накашимамен (Жапония) сайысқа түсті. Нәтижесінде Ольа Тихонова 1:31.777 уақыт көрсеткішімен 4-орынға тұрақтады.

Жарыс ережесі бойынша, 1-2-орын алғандар мен 3-орынға тұрақтаған 4 спортшы ширек финалға өтті.

Фото: Сали САБИРОВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1161926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version