15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн

Осы атаулы күнге орай Сарқан қаласында Ауған соғысы ардагерлері, жастар және қала тұрғындарының қатысуымен еске алу шарасы өтті. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп.

Іс-шара Алмалы ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Сонымен қатар Алмалы ауылдық кітапханасында тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылып, Ауған соғысында қаза болған азаматтардың рухына Құран бағышталды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, ардагерлерге мерекелік алғыс хаттар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1162249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version