Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық Заң) Ақмола облысының Атбасар аудандық мәслихаты 2 учаскелік сайлау комиссияларының құрамында бос орындар туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидаттарды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.
2026 жылғы 16 ақпанынан бастап 2026 жылғы 2 наурызына дейін саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер қалыптасқан сайлау комиссиялары, олардың құрылымдық бөлімшелері және одан жоғары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз форматында белгіленген нысанда сайлау комиссияларының кандидаттартуралы мәліметтерді;
2) тиiстi сайлау комиссияларына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3)саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) тiркеу құжатының көшiрмесi;
4) кандидаттардың белгіленген тәртіпте сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген үлгісі бойынша өтініштері.
Мәслихат сайтында сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беру туралы мәліметтер нысандары орналастырылған.
Сайлау комиссиясына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуге міндетті.
Сайлау комиссиясының мүшесi, осы комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құруды қоспағанда, сайлау комиссиясының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, ұласырапалушылар (қызасырапалушылар), ұласырапалынған (қызасырапалынған), толық және жарымағалы-інілілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, (немерелер) немесе жұбайы (әйелі) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз жүзінде ұсынылған барлық құжаттар қолқойылған, мөрмен куәландырылған және орындау күнін, орындаушының аты-жөнімен оның телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 2 наурызына дейін дүйсенбі мен жұмаға аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі.
Атбасар аудандық мәслихаты
Рахимов Нұржан Бектұрғанұлы – Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы Ш.Уәлиханов к-сі 9.
Жауапты тұлға –Акбашева Самал Аманғалиқызы, қалааралық телефон коды (871643), телефон нөмірлері: қызметтік: 79-1-38, ұялы: 87052990713, 87755622688, электрондық пошта мекенжайы: maslihat_atbasar@bk.ru.
Аудандық мәслихат 2 округтік сайлау комиссиялары және 11 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін, шығып кеткен мүшелерінің орнына сайлайды:
|
№ п/п |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясындағы бос орындар саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|||
|
1. |
№ 204 |
Новосельское ауылы, Мәдениет көшесі, 25, мәдениет үйі. |
1 |
|
2. |
№ 215 |
Калиновка ауылы, Еңбек көшесі, 1, негізгі мектеп |
1 |
Атбасар ауданының мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atbasar/press/news/details/1162703?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау