Астанада каратэден «YOUNG CHAMPION» қалалық турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада спортты дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында каратэден «YOUNG CHAMPION» қалалық турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында қатысушылар өз шеберлігі мен дайындық деңгейін көрсетті. Жалпы қатысушылар саны 200-ден астам тәрбиеленушіні құрады.

Бірінші орын алған барлық чемпион автоматты түрде қала құрамасына енгізілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта құраманың мүшелеріне тегін спорттық жабдықтар берілетін болады.

«Бүгін еліміздің астанасында «Champion» спорт клубының ұйымдастыруымен каратэден ауқымды қалалық турнир өтіп жатыр. Бұл турнир 1-2 жыл жаттығып жүрген тәрбиеленушілерге арналған. Жаңадан бастап келе жатқан жас спортшылар үшін бұл – үлкен мүмкіндік әрі жақсы трамплин», – деді Astana IFK федерациясының басшысы Расул Рахимбеков.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1162635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version