АУҒАН ДАЛАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толып отыр. Еске салсақ, 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс орын алып, оның соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Бұл қасіретті соғыс тек бір елдің шеңберінде ғана емес, сырт мемлекеттердің араласуымен ұзақ жылдарға созылған ауыр тарихи кезең болды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан аумағына енгізіліп, он жылға жуық уақыт бойы ұрыс қимылдары жүргізілді. Осы ауыр сын сағатта Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мыңға жуық азамат аттанды. Өкінішке қарай, солардың 924-і сұрапыл соғыста қаза тапты, ал 21 жауынгер хабар-ошарсыз кетті.
Бүгін Қазалы ауданында әскер қатарында жүріп, Ауған жеріндегі қақтығыста қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған тағылымды шара өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-birlik/press/news/details/1162619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version