«Ауыл Аманаты»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Ауыл Аманаты” 2,5% несие бағдарламасы📢 📢 📢 📢 📢 📢 :
Жеке кәсіпкерлер (ЖК), шаруа қожалықтары (ШҚ), ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (АӨК).Бағдарламаға сондай-ақ жұмыссыз азаматтар да қатыса алады, бірақ олар үшін міндетті шарт – ЖК немесе ШҚ ашу. Өтінімді үміткер өз бизнес-жобасын іске асыратын аудан арқылы беруі тиіс. Жоба скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сай болуы қажет.
Негізгі шарттар:
Қарыздың пайыздық мөлшерлемесі: жылына 2,5% (теңге түрінде).
Шағын несиенің мерзімі:
– ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін – 60 айға дейін;
– ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу жобалары үшін – 84 айға дейін.
Микрокредиттің сомасы:
– 2 500 АЕК-ке дейін;
– ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін – 8 000 АЕК-ке дейін;
– кооперативтерді дамытуға – 8 000 АЕК-ке дейін.
Жеңілдікпен несие берудің басым бағыттары:
– туризмді дамыту;
– ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
– жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын алу;
– жеке қосалқы шаруашылықтардың қатысуымен сүт-тауарлық фермалар құру;
– жеке қосалқы шаруашылықтарды тарта отырып, ірі қара малды бордақылау жобаларын іске асыру;
– заманауи күтім және азықтандыру технологияларын қолданатын қаз өсіру шаруашылықтарын дамыту;
– жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы (ауылдық жағдайға бейімделген модульдік фермаларды қоса алғанда);
– ұсақ мал шаруашылығын дамыту.
Әрбір жоба жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеуі тиіс.
Қамтамасыз ету: кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қабылданады (оның ішінде ауылдық жерлердегі нысандар да). Ол «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның Кепіл саясатына сәйкес болуы керек. Ғимараттар құрылысының мерзімі 60 жылдан аспаған болуы шарт.
Қарыз алушыға қойылатын талаптар:
– шағын несиені өтеп бітер кезі зейнет жасына толмаған болуы тиіс;
– банктер мен микроқаржы ұйымдарында жағымды несие тарихы болуы қажет;
– бюджет алдындағы қарызы және үшінші тұлғаларға қатысты сот орындаушылары арқылы қарызы болмауы тиіс.
Жеке кәсіпкер/Шаруа қожалығы ұсынатын құжаттар:
– шағын несие алуға арналған өтінім-сауалнама;
– жеке басын куәландыратын құжат, неке туралы куәлік;
– несиелік тарих субъектісінің өз деректерін кредиттік бюроға беруге және кредиттік есеп алушыға кредиттік есепті ұсынуға келісімі;
– микрокредит туралы және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат беруге келісім;
– кепілге қойылатын мүлікке құжаттар, мүлікті кепілге қоюға меншік иесінің келісімі, жылжымайтын мүліктің ауыртпалықтары туралы анықтама;
– қызмет көрсететін банктен есепшоттың бары және қарыздың болуы/болмауы (мерзімі өтіп кеткен қарызды қоса алғанда) жөнінде анықтама;
– кепіл мүлкін бағалау есебі;
– қажет болған жағдайда, талдау барысында қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-konyrolen/press/news/details/1162822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version