«БІР КҮНДІК САЯХАТ – МЫҢ ӘСЕР»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ауданымыздағы №2 және №3 мектеп-интернаттарының оқушылары үшін «Бір күндік саяхат – мың әсер» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шара Тау Самалы демалыс аймағы базасында ұйымдастырылды. Саяхат барысында балалар таза ауада серуендеп, табиғат көріністерін тамашалап, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
 
Шараның негізгі мақсаты – балалардың көңіл-күйін көтеру, табиғат аясында демалысын тиімді ұйымдастыру, жаңа әсер мен шабыт сыйлау, өмірге деген құлшынысын арттыру, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу.
 
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне «Тау Самалы» демалыс аймағы демеушілік көрсетіп, қатысушыларға барлық қажетті жағдай жасап, балаларға арнап дастархан жайды. Сонымен қатар, Төлеби өңіріне танымал өнерпаздар қайырымдылық жасап, өз өнерлерін тарту етіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараны ұйымдастыруға белсенділік танытқан мектеп ұжымдары мен «Тау Самалы» демалыс аймағының қызметкерлеріне аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы арнайы алғыс хат табыстады.
 
Экскурсия жас қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жағымды эмоция және ұмытылмас естеліктер сыйлады. Бір күндік саяхаттың өзі мың түрлі әсер қалдырып, баршаға қуаныш пен шабыт сыйлады.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version