Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай, Алатау ауыл округіне қарасты Қосағаш жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында «Біз жауынгер» жас сарбаз атты аудандық әскери-патриоттық сайысы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шекара қызметінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша “Застава тарландары” Республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестік филиаланың төрағасы отставкадағы подполковник Түймебеков Сапарғали Достемірұлы, Алғашқы болып ауған соғысының ардагері қоғамдық бірлестік төрағасы Дауылбаев Қахар, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Азат Досымбаев, “Қосағаш” ЖББМ директоры Дүйсенбеков Ернар сөз алып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, сайыста сәттілік тіледі.
Сайысқа ауданның 5 аймағынан 150-ге жуық жас қатысып, 5 ротаға бөлініп өзара бақ сынасты. Қатысушылар 7 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда: қаруды жинау және бөлшектеу, шалқалап жатып денені жерден көтеру, пневматикалық винтовкадан оқ ату, садақ ату, кермеде тартылу, әскери эстафета, патриоттық ән орындау.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – 3 рота (Көксәйек Зертас, Тасарық ауылдық округінен құралған командасы);
ІІ орын – 2 рота (Кемеқалған, Киелітас ауылдық округінен құралған командасы);
ІІІ орын – 1 рота (Леңгір қаласы командасы).
Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау