Бүгін Степногорск қалалық «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалының III есептік-сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Степногорск қаласының әкімі Гайдар Касенов, қалалық мәслихат төрағасы Олжас Джагпаров, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Абай Альжанов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дулат Жүрімбаев, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен делегаттар қатысты.
Конференция барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар айқындалды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Фарида Есжанова қайта сайланды.
Конференция соңында ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1162881?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау