Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері америкалық Green Coal International компаниясы басшылығының «Самұрық-Энерго» АҚ-мен жұмыс кездесуіне қатысты.
Келіссөздер барысында Қазақстан өңірлерінің бірінде күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаның тұжырымдамасы талқыланды.
Жобаны құқықтық сүйемелдеу үшін инвестициялық прокурор белгіленді.
Тараптар жобаны практикалық іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1162788?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау