Көкжазық ауылында қыстық спартакиада өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көкжазық ауылдық округінде қыстық эстафета өткізілді
 
Көкжазық ауылдық округі аумағында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың қысқы спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында қыстық эстафета ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ауыл жастары, мекеме қызметкерлері және белсенді тұрғындар қатысты.
 
Эстафета бағдарламасына түрлі қызықты әрі шапшаңдықты талап ететін ойындар енгізілді. Қатысушылар шаңғымен жарысу, қаппен секіру, және командалық тапсырмалар бойынша өз бақтарын сынады. Әр кезеңде командалар ұйымшылдық пен ептіліктің үлгісін көрсетті.
 
Іс-шара барысында қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Жарыс әділ өтіп, барлық командалар жоғары дайындық деңгейін танытты. Көрермендер өз командаларын қолдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қыстық эстафета ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, спортты дамытуға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kokzhazyk/press/news/details/1162218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version